Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Арман» мәдениет үйінде «Алаяқтық қылмыстарының алдын алу» және «Балалардың құқықтарын сақтау, қорғау мен қауіпсіздігін арттыру» мақсатында ведомствоаралық жедел мәжіліс өткізілді.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов, Шиелі ауданының прокуроры Н.Қаратаев, Шиелі ауданының полиция бөлімінің бастығы Д.Беркімбаев және полиция бөлімі қызметкерлері, Шиелі ауданының білім бөлімі басшысы Жібек Баймұратова, білім саласының қызметкерлері мен мектеп директорлары, дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Мәжілісті Шиелі ауданының прокуроры Н.Қаратаев ашып, қатысушыларға ауданның криминогендік жағдайы, өсім алған қылмыстарды баяндады. Атап айтқанда, алаяқтық қылмыстары, алаяқтыққа тосқауыл қою, оған себеп болған мәселелерді бірлесіп шешуге байланысты ұсыныстарды талқылады. Осыған байланысты интернет алаяқтықтарымен күресу үшін алаяқтардың арбауына түсуіне жол бермеу бағытында құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу белгіленді. Сонымен қатар балалардың құқықтарының сақталуы мен қорғау қауіпсіздігін арттыру қажеттігі туралы да айтты.
