Kyzylorda-news.k Медицина саласы жоғары жауапкершілікті, асқан төзімділікті, биік парасат пен батыл қадамдарды талап ететін мамандық. Аталған мамандықта кездейсоқ тап болу деген атымен жоқ. Саналы түрде шешім қабылдап, медицина қызметкері боламын деп өмірлік мақсат қойған адамның ғана қолынатын келетін іс. Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының эпидемиолог-мейіргері Құралай Жүрсімамбетованың әңгімесінен осындай ой түйдік. Ол 1981 жылы Түркістан Медициналық училищесіне түсіп, 1983 жылы Шиелі аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне кезекші мейіргер болып жұмысқа орналасады. Қазіргі таңда аталған мекемеде эпидемиолог-мейіргер болып қызмет атқарады. 

Жұқпалы аураларды бақылау мейірбикесінің негізгі міндеттері де бар. Оны медбике төмендегіше түсіндірді. 

– ЕПМ-нің эпидемиолог дәрігері тағайындайтын профилактикалық іс-шараларлы орындауды жүзеге асырып, стационардың барлық функционалдық бөлімшелерінен күнделікті ақпарат алады. Сондай-ақ жұқпалы аурулар түскен жағдайда белгіленген тәртіппен аумақтық тұтынушыларрдың құқығын қорғау басқармасына шұғыл хабарлама жіберілуін қадағалайды. Иммундық-биологиялық препараттарды жеткізу шарттарын және сақтауды, уақытылы және сапалы профилактикалық егуді жүргізуді бақылауды қарастырамыз, – деді. 

Ісіне берік, жұмысына тиянақты маманға әріптестері ерекше құрметпен қарайды. Жалпы еңбек өтілі – 41 жыл. Келесі жылы зейнетке шығады. Дегенмен, "осы салаға келетін мамандарға үйретерім" көп дейді. Оның айтуынша, мейірбике ісі – денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі.

 

Тағы да оқыңыз: