Kyzylorda-news.kz Соңғы жылдары «Еңбек» бағдарламасы аясында жарты миллион теңгеден астам сомада өтеусіз грант алып, тұрғындар өздері армандаған кәсіптерін ашып, несібелерін тауып жатқандар бар. Мысал үшін айтар болсақ, аталған бағдарламаға елімізде 649 мың адам қатысқан болса, соның 437,3 мыңы жұмысқа орналасып үлгерген. Ал 319,2 мыңы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілген. Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілген. Ал Шиелі ауданына ойыссақ, мемлекеттік бағдарлама бойынша 4 миллард 260,3 миллион теңгені құрайтын 631 жоба шағын несие және грант қаражатын алды.
«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы – бұл бұрын беймәлім болып келген, сынағы ауыр, сыры мол бизнес әлемінің қыр-сырын мейлінше меңгертуге септігін тигізетін бағдарлама. Жұмыс істеймін деп талпынған жанға кәсіптің аз емес екені белгілі. Әсіресе табиғаты тамылжыған Шиелі ауданында ауыл шаруашылығы саласында мүмкіндік аз емес. Аттылы мал бағып, алтын дән тербетуге әбден болады. Халыққа қызмет көрсету саласында да сұраныс жетіп артылады. Тек қана «Адал еңбегіммен ырыздығымды молайтамын» деген ниет пен ынта болса жеткілікті. Осы орайда мемлекет тарапынан зор көмек көрсетіліп отырғанын айта кетудің артықтығы болмас. Шиелі ауданында аталған бағдарлама аясында 2022 жылы 59 жобаға 856 миллион теңге қаржы қаралған болса, бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасының грант қаражаты есебінен 3 жоба қабылданып, 11 млн теңге бөлінген. Атап айтқанда, Шиелі іргесіндегі Тұран ауылдық округінен жеке кәсіпкерге ұлттық нақыштағы саптама етік тігу өндірісіне 3 млн теңге, Шиелі кентінен «Мега Партс КЗ» ЖШС-іне «Индукциялық пеш арқылы темір бұйымдарын өндіру» жұмысына 3 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Ал «Зико» ЖК жаңа құрылыс материалы лего-блок өндірісі жобасына 5 млн теңге қаржы қаралып, кәсіпкерлердің одан әрі жұмыс жасауларына зор мүмкіндіктер берілуде. «Наурыз-Дем» НС» ЖШС арқылы 22 жоба – 596,2 млн теңге, Қызылорда Өңірлік инвестиция орталығы арқылы 18 жоба – 90 млн теңге, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 81 жоба – 1 млрд. 290 млн теңге, «Сырдария-1» НС» ЖШС арқылы ауылшаруашылығын дамыту мақсатында 5 жоба – 274 млн теңге, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы 5 жоба – 32 520 млн теңге, «Ұлттық жоба» аясында грант қаражаты 381 жоба – 446,8 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Осындай мемлекеттік бағдарламалар талабы бар жанның табысын еселеп, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан ел ішіндегі жұмыссыздықтың азаюына септігін тигізбек. Шиелі ауданында мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде жұмыссыздар саны жылдан-жылға қысқарып келеді. Жұмысын жаңа бастағанымен, ісі алға басқан кәсіпкерлердің талпынысын көріп, өзгелердің де ұмтылатындары анық. Айта кету керек, 2022 жылы ауданда жұмыссыздық деңгейі 5,0 процентті құраған екен. Бүгінгі таңда 1 млрд 332 млн теңгенің 16 жобасы іске қосылып, 129 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды. Тарқатып айтар болсақ, «Арсен» ЖК Наубайхана ашуға – 8 млн теңге, «Ажмитова» ЖК кафе және наубайхана ашуға – 100 млн теңге, «Ұлытау Агро» шаруа қожалығына тамшылатып суару арқылы бақша дақылдарын және жоңышқа өсіруге – 20 млн теңге, «Бупежанова» ЖК әк зауытын кеңейтуге – 50 млн теңге, ЖК «Нұрым» Шлакаблок өндіру жұмыстарына – 12 млн теңге, «Жансаулет» Шлакаблок өндіру жұмыстарына – 4 млн теңге, «Нұр» ЖК «Terrace» қоғамдық тамақтану орнына – 100 млн теңге, «Тогаева» «Техникалық қызмет көрсету орталығы» – 30 млн теңге, Қожақов» ЖК «Океан» қонақ үй құрылысына – 100 млн теңге, «Таусамалы-2» ЖК желімдеу орталығына – 8 млн теңге, Досымов Дәулет Нұрмағанбетұлы қоғамдық монша құрылысына – 70 млн теңге, ЖК «Мухамбетова» сауда үйі (Светофор) – 120 млн теңге, «Абылайхан» ЖК «сауда үйінің құрылысына» – 80 млн теңге, «Алибаева» ЖК «Бизнес ғимаратының құрылысына» – 150 млн теңге, «Дәуренбеков» ЖК «Grand Damdi» «Қоғамдық тамақтану орны» – 130 млн теңге, «KUTAU SP» ЖШС «Катау-3» кешеніндегі қиыршық тас зауытына – 350 млн теңге өз қаражаттары есебінен инвестиция салынған. Сонымен қатар, өткен жылы Шиелі ауданында құрылыс материалдарын өндіру бағытында 2 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Шиелі Dolomit» ЖШС-ның «Мыңбұлақ кенішіндегі қиыршық тас өндіру зауыты» өткен жылы іске қосылды. Зауыттың жоба құны 1 млрд 316 млн теңге болса, қуаттылығы жылына 1,3 млн тонна тас өндіреді. Аталған зауыт жаңадан 90 адам жұмыспен қамтуға қауқарлы. Ал «ADK GROUP KAZAKSTAN» ЖШС-нің әк өндіру зауытының жоба құны 2 млрд теңгені құрайды. Зауыттың жалпы қуаттылығы тәулігіне 200 тонна әк өндіреді деп күтілуде. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, өндіріс орны жыл соңына дейін іске қосылған жағдайда жаңадан 120 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Бұл тек бастамасы. Алдағы уақытта да ілкімді іске ұйытқы болатын шаруа жалғаса бермек.