Kyzylorda-news.kz Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңда 23 тамыз күні елімізде өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына орай, сондай-ақ аудан тұрғындарының кешкілік бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізу мақсатында «Қасиетті, киелім, мақтанышым, Шиелім!» атты мерекелік концерт өтті.
Кеш барысында аудан өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, көрермендерге әсем ән мен күмбірлеген күйден тұратын мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды.
Әуезді әндер мен әсерлі өнер көрсетілімдері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, аудан тұрғындарының мәдени тынығуына мүмкіндік берді.
Іс-шараға жиналған аудан тұрғындары отандық өнерді тамашалап, рухани серпіліс алып, кешкі уақыттарын көңілді өткізді.
