Kyzylorda-news.kz Жуырда Шиелі аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Кеңес отырысын Шиелі аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исабек Байкенжеев ашып беріп, жүргізді.

Жылдық жоспарға сәйкес кеңес отырысында 1 (бір) маңызды мәселе қаралды:

1) "Ауданның құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстар және алдағы мақсаттары туралы" Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Аман Дана Смаханұлы хабарлама жасады.

Хабарлама жасаушыға кеңес мүшелері өзекті деген Қарғалы ауылына баратын дарияның үстінен салынатын көпір құрылысы туралы, 9 этаждың жай-күйі, қай мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, клубтар құрылысы, 900 орындық «Жайлы мектеп» құрылысы қашан басталады, алдағы уақытта құрылыс саласындағы жобалар мен электр желілерін жаңғырту жөнінде сұрақтар қойылып, тиісті бөлім басшысы нақты әрі жан-жақты жауаптарын берді.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар тарапынан қаңғыбас иттерден халықты қорғау жолдары және Конго-Қырым безгегі кенеден қорғану туралы да ұсыныс-пікірлер айтылды.

Кеңес отырысына Шиелі аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев және бөлім әдіскері Гүлжанат Сейтова, Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Нұрболат Пірімбет, облыстық "Қоғамдық келісім" КММ-нің Шиелі аудандық этносаралық сарапшысы Біржан Өтебаев, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды кеңес төрағасы Исабек Сәрсенбайұлы қорытындылап, ауданның құрылыс саласында атқарылған жұмыстар жөнінде тыңғылықты дайындалып, слайдтың көмегі арқылы ауқымды атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған Дана Смаханұлына ризашылығын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Барлық кеңес мүшелері кеңесте айтылған өзекті мәселелер нәтижелі, жүйелі жұмыстар жүргізілу керектігі жөніндегі өз пікірлерін білдіре отырып, жақсы көңіл күйде тарқасты.

Кеңес отырысы нәтижесінде хаттама рәсімделіп, тиісті мемлекеттік органға мерзімінде орындау үшін ұсыныстар жолданатын болады.

Тағы да оқыңыз: