Kyzylorda-news.kz. Облыс орталығына жақын орналасқан сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылында бүгінде 530 отбасында 2717 халық түтінін түтетіп отыр. Тұрғындардың 1147-і экономикалық белсенді  халық санын құрайды. Ауыл тұрғындарына 1 мектеп-лицей, балабақша, аурухана, ауылдық мәдениет үйі, кітапхана, қазпошта бөлімшесі, ветстанция, ауылдық өнер мектебі және өрт сөндіру бекеті қызмет көрсетеді. Ауылда 11 тыл ардагері, 212 зейнеткер, 87 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 27 Алтын алқа және 60 Күміс алқа иегерлері бар.

Ауылдық округ әкімі Мейрамбек Нұрғалиевтың айтуынша  2022 жылы ауыл тұрғындарының есебінде шаруа қожалықтарындағы малды қоса алғанда 3397 бас ірі қара, 4925 бас уақ мал, 1922 бас жылқы, 398 бас түйе және 1304 бас құс бар.  

Елді мекен бойынша барлығы 150 га күріш, 16 га картоп,  6 га көкөніс және 22 га бақша дақылдары егіліп, ауданның орта көрсеткіші деңгейінде өнім алынған. Өткен жылы егін науқанында ауылдық округінен жаңадан 20 га жер учаскесі ашылып, 50 ауыл тұрғыны егін егіп, өнімін жинаған.

Ауылдағы қарашаңырақ – №42 Қ.Баймағамбетов атындағы мектеп-лицейде 2022-2023 оқу жылында 535 оқушы білім алған. Онда 74 педагог оқушыларға білім мен тәрбие береді. Мұғалімдердің санаттылығы бойынша педагог-зерттеуші – 14,  педагог-сарапшы – 22, педагог-модератор –15. 

Өткен оқу жылы бойынша 11-сыныпты бітірген 16 оқушының Ұлттық Бырыңғай Тестілеуге  13-і қатысып, орташа балы 94,4 пайызды құраған. 50 балдан төмен алған оқушы жоқ. Ұлттық Бырыңғай Тестілеуден ең жоғары балл – 121-ді құрады. Аталған түлектер ішінен үш оқушы «Алтын белгіге» бітірген.
2022-2023 оқу жылында мектеп-лицейдің бу қазандығына  11689954,14 теңгеге «Алем құрылыс» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізген.  

2021-2022 оқу жылының қорытындысымен №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейі «Үздік білім беру ұйымы» номинациясымен марапатталды. 150 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы сертификаты табысталғанын да айту керек.
Ауыл орталығындағы № 8 «Айгүл» бала бақшасы 1980 жылы типтік жобада салынған. Қазіргі таңда 6 топта 125 бала тәрбиеленуде. Бала бақшаның ортаңғы тобында 45 бүлдіршін, ересек топта 42 бүлдіршін, мектеп алды даярлық тобында 38 бүлдіршін тәрбиеленуде. 
Бала тәрбиесімен жоғары білімді 16 педагог, 8 модератор, 1 зерттеуші жұмыс жасайды. «Үлгілі оқыту» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бес саламен жұмыс жасап келеді.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілі оқу» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жүргізілуде.  Балабақша тәрбиеленушілері мен тәрбиешілер республикалық, облыстық, аудандық байқаулардан жүлделі орындар иеленді.

Тұрғындарға медициналық көмек көрсету бойынша ауылдық дәрігерлік амбулаторияда барлығы 29 адам жұмыс жасайды. 2022 жылы  9757 адам белсенді түрде қаралып ем алса, профилактикалық байқаудан өткен ересектер саны – 190 адам, балалар саны – 312.  Өткен жылы туылған бала саны – 54. Қайтыс болғандар саны – 19. Үйге шақырушылар саны – 516 адам. Диспансерлік есепте тұратын науқастарға тиісті медициналық көмектер көрсетіліп, 2286 адамға тегін дәрі дәрмек тағайындалған.

Аманкелді ауылдық мәдениет үйінде 7,5 штаттық бірлік бойынша барлығы 8 жұмысшы-қызметкер бар  (кәсіпорын  басшысы,  әдіскері,  музыка  жетекшісі, есепшісі,  қарауылы,  еден  сыпырушысы,  жұмысшысы,  от жағушысы). Ауылдық мәдениет үйі жанында 7 үйірмеге 74 көркемөнерпаз тартылған. Атап айтқанда, ән, би, домбыра, сурет, көркемсөз үйірмелері мен «Жадыра» халықтық  әжелер  ансамблі,   «ДО-СИ» вокалды-аспапты  ансамблі  бар. Мәдениет үйінде барлығы 51 мәдени шара ұйымдастырылып, оған барлығы 7915 көрермен тартылған. Ауылдық  мәдениет  үйінде  осы  кезге  дейін   барлығы  4 аудандық шара ұйымдастырылған. Жалпы ақылы  қызмет жоспары 100 пайыз орындалған. 

Ауылда 2014 жылдан бастап Аманкелді ауылдық Өнер мектебі жұмыс жасап келеді. 
Қазіргі уақытта би, домбыра, баян, қобыз, дәстүрлі ән, фортепиано және вокал сыныптарында барлығы 120 оқушы оқиды, 14 мұғалім қызмет атқарады. Өнер мектебі оқушылары топтық би, дәстүрлі ән, домбыра, қобыз, баян, фортепиано аспаптары бойынша аудандық, облыстық, республикалық байқауларда өнер көрсетіп  жеңімпаз атанды.  

Елді мекенде ауылдық кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. 18954 дана кітап қоры және 909 тұрақты оқырманы бар. Жыл сайын кітапхана жаңа кітаптармен толығып тұрады. Оқырмандар арасында кездесулер, дөңгелек үстел іс-шаралары өткізіледі.
Аманкелді ауылдық ветеринариялық станцияда 4 қызметкер жұмыс атқарады. Жыл көлемінде ауыл шаруашылығы жануарларына 19 түрлі ауру түрі бойынша екпе жұмыстары жүргізілдген. 1369 бас мүйізді ірі қара, 2909 бас уақ мал, 360 бас жылқы, 89 бас түйе бірдейлендірілген.

Аманкелді ауылдық Өрт сөндіру бекетінде 4 қызметкер жұмыс атқарады. Жыл көлемінде 5 өрт оқиғасы (2 үй, 2 дала және 1 көлік өрті) тіркелген. 
Жастар саясаты төңірегінде 2022 жылы Аманкелді ауылында аз жұмыс атқарылған жоқ. Елді мекенде 14 пен 29 жас аралығында 565 жас анықталып, санаттарға бөлінген.

Мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстарын ауыл жастарына кеңінен ақпараттандыру мақсатында қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несиелер жөнінде жастарға түсіндірме жұмыстарын тиісінше жүргізілген. Нәтижесінде Аманкелді ауылы бойынша 2022 жылы «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы арқылы 18 жас кәсіпкер 1225200 теңге қаржылай қайтарымсыз грантқа ие болды және 1 жас кәсіпкер төмендетілген пайызбен несие алды. 
Ауылдың жастары қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану бағытында волейбол, үстел теннисінен ауыл жастары арасында турнир және ұлттық спортты насихаттау және дамыту бағытында ұлттық спорттың “Көкпар” түрінен турнир өткізді. 
Бүкілхалықтық референдум мен кезектен тыс Президент сайлауында ауылдың ерікті жастары автоволонтер ұйымдастырып, ауылдағы қарияларды сайлауға келіп дауыс беруіне жәрдемдесті. 

Аманкелді ауылында «Жасыл ел» жалпы ұлттық бастамасымен еңбек жасағының жұмыс маусымы ұйымдастырылып 8 жұмыссыз және студент жастар көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына жұмылдырылды.
Елді мекендегі мекемелерге 20 жас мамандарды «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы жұмысқа тартылды. 
Елді мекендегі жалғызілікті қарттарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсету, көше жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында (ауыл көшелеріне құм себу) сақтық шаралары, жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне отын түсіріп беру, аула тазалығы жұмыстарын үйлестіріп, өз көмектерін көрсетіп келеді.

2022 жыл қорытындысы бойынша Аманкелді ауылының ерікті жасы Қайырбек Сейітжан аудан бойынша үздік атанып, "Ерікті жастар мен Волонтерлік ұйымдар" номинациясы бойынша аудан әкімінің "Өрлеу" жастар сыйлығының иегері атанып, 100 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды.

Алдағы уақытта да елді мекеннің әлеуметтік жағдайын жоғарлатуға және елді мекендегі жастар саясатын дамытуға арналған жұмыстар жүйелі түрде атқарылатын болады, – дейді ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиев.

Ауыл әкімі одан әрі әлеуметтік қамсыздандыру туралы хабарлады. Ауылдық округ бойынша 1147 экономикалық белсенді халық тіркелген. Есепті кезеңдегі жұмыссыз халық саны – 62.  Барлық жұмысқа орналасқандар саны – 127. Оның ішінде 59 адам тұрақты жұмысқа орналасты, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген 47 адам, 20 адам жастар тәжірбиесімен, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді. Атаулы әлеуметтік көмек 31 отбасына тағайындалып, тиісті қаражаттарын алды. «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 60 адам оқытылды. 
Ауылдық округі бойынша 183 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде: жеке кәсіпкерлер – 132, шаруа қожалықтары – 44 және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 4,  ауыл шаруашылығы өндірістік коперативі – 3.  Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрғаны – 174. Жаңадан ашылған 37 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.

Аманкелдіде «Микробизнес - Қызылорда» бағдарламасы бойынша құны         128,6 млн. теңгенің 3 жобасы кеңестің оң шешімін алып, қаржыландырылған.

2022 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша құны 15,4 млн. теңгені құрайтын 4 жоба қаржыландырылған.
«2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 22 азамат әр қайсысы 1225200 теңгеден қайтарымсыз қаржымен қаржыландырылған. Бұл өз кезегінде жұмыссыз азаматтардың өз бизнес идеяларын іске асыруға мүмкіндік берген.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру бойынша 5 азамат құжаттарын өткізіп, өкінішке орай қаржылай қолдау ала алмаған.

Өткен жылы Аманкелді ауылдық округіндегі электр желілері, бағаналары және трансформаторларды жаңғырту жұмыстарының жоба сметалық құжаттары әзірленген. Сырдария аудандық сәулет және құрылыс бөлімі арқылы жоба сметалық құжаттары ұсынылып, конкурс өткізілген. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Универсал Строй Сервис» ЖШС-і жеңімпаз болып танылды. 2023 жылы электр желілері, бағаналары және трансформаторларды жаңғырту жұмыстары толығымен жүргізілуде.

Сонымен қатар аяқ су мәселесі бойынша «Қосапан» каналына толық және «Жас Қайрат» каналдарының бір жақ беткейіне қазу жұмыстары жүргізілді; «Жас Қайрат» каналы екінші жақ беткейінің қазу жұмыстары 2023 жылы су беру маусымына дейін жүргізілді және де ауылды суландыратын «Жетікөл Жарма» каналына ПК-165 бекетінен ПК-305 бекеті аралығына (Қожан шлюзі мен Шайқы шлюзі аралығы) ішкі тазарту жұмыстары жүргізілді.   

Ауылда егін саласын дамыту бағытында 3 дана дизельді және 1 дана электрлі су тартқыш насос қондырғылары алынған. Өткен жылдың егін науқанында «Желқазған» өңіріне ауылдың 33 отбасы мүшелері осы аталған су тартқыш насос қондырғысы арқылы егін егіп, өнімін алды. Биылғы жылы да насос қондырғыларын пайдалану арқылы егін егу жұмыстары жалғасын табуда. Атап айтқанда: Қазіргі кезден бастап 1 насос қондырғысымен «Желқазған» өңіріне ауылдың 20 жастарынан ұйымдасқан «Еңбек бригадасы», мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындарынан ұйымдасқан 60 отбасы мүшелері, 1 насос қондырғысымен «Шағырлы» өңіріне егінмен айналысуға ниетті кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары көктемгі мезгілде егін егуді жоспарлап, іске асырды. Және алдағы уақытта егін егуге ниет білдірген ауыл тұрғындары белгілі бір өңірге ұжымдасып осы су айдау қондырғысымен егулеріне болады. 1 электрлі насос қондырғысын егінге пайдалану мақсатында дизельді насосқа алмастыру жоспарланып отыр.

Ауылішілік көшелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу (М.Қалымбетов көшесіне толық, А.Ағайдаров көшесінің аяғы 300 м, Қ.Баймағанбетов көшесінің 200 м, А.Жанкин көшесінің 120 м, О.Жалмұрзаев көшесінің 120 м, Т.Тышқанбаев – Қ.Баймағанбетов – Р.Мазхожаев көшелерін қосатын жаңа жол 800 метр салу (аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы ұсынылып, қаржысы 2023 жылға қаралды.

Ауылішілік «Хозцентр» каналын тазарту, қаздыру жұмыстарын жүргізу үшін «АКЗ ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан демеушілікпен жоба сметалық құжаты жасалынып, «Табиғат» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өткізілді, 2023 жылдың су беру маусына дейін тазарту, қаздыру жұмыстары жүргізілді. Ауыл көлеміндегі күл-қоқыстарға 2 рет санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілген және ауыл орталығындағы «Тағзым алаңына» көркейту көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

А.Ағайдаров және Қ.Баймағанбетов көшелерінің жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Ауылдық №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейдің бу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

 – Биылғы жылы Аманкелді ауылдық округіндегі электр желілері, бағаналары және трансформаторларды жаңғырту жұмыстары толығымен жүргізіледі. А.Ағайдаров, Ж.Құлымбетов және А.Жанкин көшелерінің тозығы жеткен ауыз су құбырлары алмастырылады. Т.Тышқанбаев көшесі шығыс жақ бетіндегі жаңадан түсіп жатқан екі көшеге, Құм жағалу көшесіне қиыршық тас төсеуге жоба сметалық құжаттары жасалынды. Қазіргі уақытта «Ауыл ел бесігі» бағдарламасына байланысты жоба сметалық құжаттары жол төсеу болып өзгертіліп, қайта есептеліп, жасалуда. Қызыл Ту аймағына 3 жаңа жол салу жоспарланды.
Ауыл әкімшілігі тарапынан егін шаруашылығын дамыту бойынша инвестор тарту мақсатында кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіліп, 2023 жылдан бастап «Аяқкөл» өңіріне 100 гектар күріш дақылын егу жоспарланды. Қызылорда облысында 4 бағыт бойынша (яғни күріш егу, мұнай тасымалы, жанар жағар-май және сауда орталығымен) жұмыс жасап отырған «НТК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім жүргізілді.  
Ауылдағы А.Жанкин көшесіне балалар ойын алаңын салу, ауылдық Өрт сөндіру бекетін қоршау жұмысын жүргізу, Т.Тышқанбаев көшесі бойындағы жасыл белдеулер аумағын қоршау жұмыстары, аяқ су мәселесінде «Баржық» каналын қаздыру жұмыстары бойынша «Табиғат» мекемесіне ұсыныс жасалынды.
Ауыл орталығында орналасқан АО «КазПочта» теңгеріміндегі тозығы жетіп, құлау қауіпінде тұрған ғимаратты Аманкелді ауылдық әкімшілігі теңгеріміне алынып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ғимаратты ел игілігі үшін пайдалану, А.Ағайдаров және Қ.Баймағанбетов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жоба сметалық құжаттарын әзірлеу, салық базасын ұлғайту бағытында шараларды қамтамасыз ету назардан тыс қалмайды.
Сонымен қатар Аманкелді ауылдық округіне қарасты игерілмей, қараусыз қалған жеке тұлғаларға өткен жер учаскелерін ауданның жер қорына қайтару мәселесі, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау, үгіт – насихат жұмыстарын жандандыру, елді мекенде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына жұмыс жасау ауыл әкімі ретінде тікелей бақылауымда болады, – деді ауыл әкімі.

 

 

Тағы да оқыңыз: