Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет синоптиктері 19 қараша, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Оған сәйкес, бүгін атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жаңбыр мен қар жауады, түнде оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады.

Жоғары атмосфералық қысым әсерінен елдің орталығы мен шығысында ғана күн ашық болады, жауын жаумайды.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қар мен жаңбыр жауады.

Тағы да оқыңыз: