Kyzylorda-news.kz. 30 сәуірде республиканың басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Кей өңірлерде найзағай, дауыл, жаңбыр болады. Елдің шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Барлық өңірде екпінді жел тұрады.
Қызылорда облысының кей аумақтарында күн бұлтты, ауа температурасы +28 +30 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с.