Kyzylorda-news.kz. Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен бүгін еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Нақтырақ айтқанда, қар жауып, бұрқасындатады. Батыс және шығыс аудандарда және оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша көктайғақ болып, жел күшейеді, тұман түседі.