Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырып, «Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндет» деп атап өткен болатын. Бұл шалғайдағы ауыл халқын шаттыман көңіл күйге бөледі. Себебі тіршіліктің көзі саналған судың азабын тартып отырғандар аз емес.

Осы мақсатта өткен Үкімет отырысынан кейінгі облыс әкімінің төрағалығымен болған жиында қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау және денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жетілдіру аясында жоспарланған жұмыстар талқыланды. 

Көкейтесті мәселеге қатысты аудан басшысы Аманжол Оңғарбаев аталған мәселе бойынша жауапты басшыларға бірқатар тапсырма берді.Оның ішінде Ақбасты, Тоқабай, Абай елдімекендеріне ауыз су құбырын тарту жұмыстарын қадағалауды, Тастүбек, Ерімбетжаға ауылдарына ауыз су желісін тарту жобасының мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ, тиісті сала басшысына тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытында елді мекендердегі жедел-жәрдем автокөліктерінің ағымдағы жағдайына нақты талдау жасауды да қалап айтты.

Тағы да оқыңыз: