Фото: mirpozitiva.ru
Kyzylorda-news.kz. Антициклон әсерінен бүгін, 17 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде аяз болады, жауын жаумайды.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек республиканың батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады және жел күшейеді.