Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық синоптиктер 15 қараша, сәрсенбі күні елімізде күн райы қандай болатынын айтты.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның екпінімен күн жауын-шашынсыз болады.

"Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың батысында және солтүстік-батысында жаңбыр, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер республика бойынша тұман түсіп, жел күшейетінін айтты.

Тағы да оқыңыз: