Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 29 наурыз күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Сәрсенбі күні Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын көбінесе жаңбыр түрінде жауады. Елдің қалған аумақтарыда жоғары қысым өрісінің әсерінен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте-найзағай, солтүстікте-көктайғақ болжанады.
