Kyzylorda-news.kz. 30 наурызда Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығы бұрынғысынша солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады. Осыған байланысты ел аумағында мол жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Түнде елдің оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жауын-шашын жауады.

Батыс және оңтүстік өңірлерге антициклон әсер етеді, сондықтан мұнда жауын-шашын жаумайды.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Тағы да оқыңыз: