Kyzylorda-news.kz. 12 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қара теңіз аудандарынан келетін циклонның әсерінен еліміздің батысында жаңбыр жауады. Сондай-ақ батыста, оңтүстік-шығыс пен шығыста желдің күшеюі, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарының таулы аудандарында тұман күтіледі.