Kyzylorda-news.kz Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағындағы кәсіпкерлік нысандарда, қоғамдық асханалар мен тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Тексеру барысында жауапты сала мамандары нысандарды аралап, өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуын тексеріп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ескертулер жасады. Сонымен қатар, нысан иелеріне өрттің алдын алу шараларын күшейту қажеттігі ескертілді.
Кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша ұсынымдар берілді. Рейдтің негізгі мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ нысандарда өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.

