Kyzylorda-news.kz.  Облыстық партия филиалы жанындағы референдумды қолдауға арналған штаб мүшелері зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Жиын барысында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, штаб төрағасы Ләйлә Төрешова Президенттің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауындағы негізгі басымдықтары жөнінде әңгімелеп, референдум өткізу – демокартиялық дамудың жаңа көрінісі екендігін, референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылатындығын атап өтті. Сондай-ақ, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін, еліміздің Ата заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер төңірегінде ой бөлісіп, пікірлерін тыңдады.

Кездесу барысында кезек-кезек сөз алған интеллигенция өкілдері еліміз жаңғыру алдында тұрғанын, үміт пен күдік аралас бұл кезеңде халық болып жұмылу керек екенін айтты.

Мәселен, қоғам қайраткері Қожахмет Баймаханов «халық референдумға қатысып дауыс беруді Президент немесе мәжіліс депутаттын сайлап жатырмыз деген теріс көзқараста болмауы керек. Бұл түзетулер қазіргі трансформация кезеңінен өтіп жатқан қоғамға бағдарланып отырғандықтан, жаңа Қазақстанның іргетасын қалауға, балаларының болашағына дауыс беріп отырғанын түсіну керек»,- деді.

Зиялы қауым өкілдері ортақ істен шет қалмай, азаматтық ұстанымдарын танытатындықтарын тілге тиек етіп, халық арысында насихат жұмыстарын жүргізуге қатысты ұсыныстарын айтты.
Ата Заңның 33 бабына түзетулер енгізілемек.

«Бұл – тұтас Конституцияның үштен бір бөлігі. Осы өзгерістерді қабылдауда референдумның маңыздылығын халыққа жеткізу мақсатында партия жанынан арнайы штабтар құрылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әрине, бұл жұмыстарда сөзі дуалы, көргені мен түйгені мол қоғам зиялылары Сіздердің ой пікреліріңіз аса маңызды. Сондықтан кездесу барысында айтылған ұсыныс пікірлердің жұмыс барысында ескерілетінін жеткізді «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова.

Тағы да оқыңыз: