Kyzylorda-news.kz. Көкшетау қаласында тас жолдағы велоспорттан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Дүбірлі бәсекеде №3 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары жақсы өнер көрсетіп, облыс қоржынына 7 медаль салды.

80 шақырымдық топтық жарыста Аслан Силықбек жеңіс тұғырына көтерілді. 52 шақырымдық топтық жарыста Санжар Магдеев күміс жүлдеге ие болса, 10 шақырымдық жекелей жарыста Аружан Тоқбаеваға қола жүлде бұйырды. 15 шақырымдық жұптық-командалық жарыста Бибінұр Бектаева мен Аружан Тоқбаева мәреге бірінші болып жетті. Ал критериум сайысында Аружан Тоқбаева екінші, Бибінұр Бектаева үшінші орындарға жайғасты.

Енді спортшылар 23-26 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында тректен өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады.

Тағы да оқыңыз: