Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері бағыт аралау барысында Панфилов көшесі бойында “Мерседес Бенс” маркалы автокөлігін тоқтатты.
Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында 41-жастағы жүргізушінің автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Жүргізуші жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік жауапқа тартылып, хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған.
Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жоғарыда аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
