Қызылордалық құтқарушылар су тасу қаупі бар солтүстік өңірлерге көмекке әзір – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордалық құтқарушылар су тасу қаупі бар солтүстік өңірлерге көмекке әзір

11.02.2020, 15:20

306 0

Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда Сырдария өзенінде су деңгейі төмен. Қауіп төндіріп тұрған жоқ. Десе де солтүстік өңірлерде болуы мүмкін су тасқынымен күресуге Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті көмек қолын созуға әзір.

Бүгінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар  техникалардың, қондырғылар мен құрылғылардың дайындығын пысықтау мақсатында саптық қарау өткізілді.

Жұмылдырылатын 61 қызметкер 6 бірлік техника, 5 қайық, 12 мотопомпа және топтың автономды түрде жұмыс жүргізу үшін азық-түлік және жанар-жағармай қоры тағы бар.  

Саптық қарау барысында Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов су тасқыны қаупі бар аймақтарға көмекке  дайын екенін жеткізді.

0

Пікір қалдыру