Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық оқушы Түркияда топ жарды.

Қызылорда қаласындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Ерасыл Сапарбеков түрік еліндегі білім додасында топ жарды.

Ол Туркияның Стамбул қаласында география пәнінен өткен халықаралық олимпиадасына қатысып, үшінші орын – «қола медаль» иеленді.

Айта кетейік, 6 күнге созылған олимпиадаға әлемнің 46 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Соның ішінде Қазақстанның атынан Қызылорда, Ақтөбе және Шымкент қаласынан 4 оқушы қатысып, бақтарын сынаған болатын.

Тағы да оқыңыз: