Kyzylorda-news.kz. Ақтау қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия ашық кубогі өтті.

Алты мемлекеттен 200-дей спортшы қатысқан дүбірлі сайыста Қызылорда құрамасы 1 алтын, 3 қола медальдарды жеңіп алды.

60 келіде белдескен қызылордалық Мағжан Шамшадин Азия кубогінің иегері атанды. Ол 26-28 наурызда Грузияда өтетін Tbilisi Grand Slam халықаралық турнирде Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, Мағжан былтырғы жылдың желтоқсанында Ақтауда Қазақстан жеңімпазы атанған.

Әйелдер арасында 52 келіде Салтанат Сұлтанбекова, ерлер арасында 60 келіде Бауыржан Жауынтаев пен 100 келіде Айбек Серікбаевтар қола жүлделерді еншіледі.

Спортшыларды жаттықтырып жүрген ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары Қален Қалиұлы мен Ришат Бурловтың еңбектері ерен.

Тағы да оқыңыз: