Kyzylorda-news.kz. Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында Сыр дарындары топ жарды. Бұл туралы Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Биылғы жылдың 19-25 қыркүйек аралығында онлайн форматта информатика пәні бойынша Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Бұл байқауға Еуропаның 32 мемлекетінен 172 оқушы қатысты. Отыздан астам мемлекеттің дарындылары қатысқан олимпиадада елімізде іріктеуден өткен 8 оқушы да бақ сынасты.

Айта кетейік, білімді бәсеке алты күнге созылды. Бір аптаға жуық уақытта қазақстандық қатысушылар бар өнерлерін ортаға салды. 

EJOI-2022 олимпиаданың нәтижесінде Қызылорда облысының абыройын Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары Мансур Мамадахунов пен Иса Ахмет қорғады. Кіл жүйріктің арасынан оза шапқан Сыр өңірінің дарындылары үздік үштіктің қатарынан көрінді. Атап айтқанда, Мансур Мамадахунов «Күміс медаль»-ға ие болса, Иса Ахмет «Қола медаль»-ді қанжығаға байлады. 

Облыстық білім басқармасының ұжымы жеңімпаз атанған дарынды оқушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, ата-аналарына, «Білім-инновация» лицей-интернатының ұжымына алғыс білдірді.

309032036_1448664692303398_2426062447221268009_n.jpg
308194417_1448664695636731_4669695356385935281_n.jpg

Тағы да оқыңыз: