Kyzylorda-news.kz. Польшаның Кельц қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында қызылордалық Әсел Сағатова Қазақстан атынан өнер көрсетуде.

Ол 1/4 финалда 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Румыния спортшысын 5:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Ол енді жартылай финалда ресейлік боксшы Ксения Олифиренкомен жұдырықтасады.

Әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18.00-де басталады. Трансляцияны төмендегі сілтеме бойынша көре аласыздар.

Тағы да оқыңыз: