Қызылордадағы ірі жол апаты: Облыс әкімі зардап шеккендердің жағдайын сұрап барды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордадағы ірі жол апаты: Облыс әкімі зардап шеккендердің жағдайын сұрап барды

04.12.2019, 11:00

315 0

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Қ.Ысқақов «Құмкөл-Қызылорда» автожолында орын алған жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын білу үшін облыстық медициналық орталығы мен қалалық ауруханаға барды.

«Біздің тарапымыздан қажетті көмек көрсетілетін болады. Емдеу шаралары толықтай жасалады. Күш жігерлеріңізді жазылуға жұмсаңыздар. Тез сауығып, отбастарыңызға аман-есен оралуларыңызға тілектеспіз», – деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Облыстық көпбейінді ауруханасына 17 азамат түрлі дене жарақатымен жеткізіліп, оның ішінде 6 адам жансақтау бөліміне орналастырылды. 5 адамға қажетті ем шаралары көрсетіліп, үйіне қайтарылған. Қалалық ауруханаға 4 адам жеткізіліп, оның 2 жансақтау бөлімінде. Қазір оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде, қажетті дәрі-дәрмек толығымен қамтамасыз етілген.

Айта кету керек, оқиға орнына дер кезінде төтенше жағдайлар департменті, жол-патрульдік қызметі, медициналық орталық, жедел-жәрдем және санитарлық авиация қызметкерлері мен қажетті техника жұмылдырылды.

0

Пікір қалдыру