Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан өңірлерінде жан басына шаққандағы кіріс көлемі артты. Тек Алматы қаласында ол 4,5%-ға төмендеген.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның мәліметінше, дегенмен де, Алматы мен Нұр-Сұлтанның нақтылы мәндегі табыс деңгейі елдегі ең жоғары болып қалуда – сәйкесінше 224,3 мың және 241,3 мың теңге.

Талдау барысында жан басына шаққандағы кірістің ең жоғары және ең төменгі өсімі бар өңірлер анықталған. Табысы өскен өңірлер: Ақмола (16,1%), Қызылорда (14,2%) және Түркістан (12,8%) облыстары. Бұл ретте, Қызылорда мен Түркістан облыстарының жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық көрсеткіштен төмен болып отыр. Көрсеткіштер сондай-ақ Жамбыл облысы мен Шымкент қаласында төмен екендігі анықталған.

Ал республикалық деңгейден асатын көрсеткіштер Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, Қарағанды, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Жалпы, халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы 2020 жылдың екінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6% өсті және ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша 182,5 мың теңгені құрады.

ҚазАқпарат

Тағы да оқыңыз: