Қызылордада «Үш он жылдық белес» атты экскурсиялар шеруі өтеді – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада «Үш он жылдық белес» атты экскурсиялар шеруі өтеді

17.05.2021, 16:20

975 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыс музейлері экспозициялары бойынша «Үш он жылдық белес» атты экскурсиялар шеруі өтеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушыа Нұршат Наурызбаева мәлімдеді.

Жалпы облыста 14 музей бар. Облыс музейлерінің қоры палеолит дәуірінен бастап қазірге дейінгі өлкенің тарихынан, экономикасы мен мәдениетінен, әдебиеті мен өнерінен, флорасы мен фаунасынан сыр шертетін тарихи құндылықтармен толығып, жәдігер саны 146 923 асады.

«Облыс музейлерінде 2306 экскурсия, 229 лекция, 161 көрме, 10 шеберлік сағаты, 18 тарихи-танымдық видеолар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілерінің парақшасына, музейдің жеке сайтына жарияланып, халық назарына ұсынылуда. Есептік мерзім ішінде облыс музейлері бойынша барлығы – 120 шара ұйымдастырылып, музейге келушілер саны 66536 адамды құрады. «Музеолог» бағдарламасына 770 экспонат, облыстық музейде 200 экспонат ендірілді», – деді облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Көзейбаев.

Қазіргі таңда Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейіне жер телімі беріліп, жаңа ғимарат салу жоспарлануда. Сондай-ақ, Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің құрылысы жаңадан салынып, экспозициясын жасақтау басталды.

«Облыста Халықаралық музейлер күніне орай ауқымды шаралар ұйымдастырылу жоспарлануда. Атап айтсақ, «Менің музейім» атты ашық есік күні жарияланды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыс музейлері экспозициялары бойынша «Үш он жылдық белес» атты экскурсиялар шеруі өтеді. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 экспона» атты ашық аспан астындағы музейге сый акциясы және «Мәдениет қайраткері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Аманкелді Кененбаевтың қатысуымен «Өзіңді суретші сезін» атты перформансы ұйымдастырылады», – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушыа Нұршат Наурызбаева.

0

Пікір қалдыру