Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының 49 жастағы тұрғыны алаяққа алданып қалған. Қала орталығынан үш бөлмелі пәтер алып беремін деген алаяқтың сөзіне сенген ол 2 миллион теңге көлемінде ақшасын берген.

«Бұл дерек  бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру жүргізілді. Тергеу барысында күдікті қатарында танылған Қызылорда қаласының тұрғыны  өзінің жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындаған. Полицейлер күдіктінің бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс жасағанын анықтады», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.

Тергеу барысында күдіктінің алаяқтық іс-әрекеті толығымен дәлелденіп, алаяқ сот шешімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Тағы да оқыңыз: