Kyzylorda-news.kz. Облыста туберкулезге шалдығу көрсеткіші соңғы он жылда 2 есеге азайды. Былтыр өңірде аурушаңдық деңгейі 46,2 пайызды құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Алтекешева хабарлады.

«Облыста туберкулезге шалдығу фактісі бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасқан. Өткен жылы аурушаңдық көрсеткіші 48,5-тен 46,2-ге пайызға төмендеп, туберкулезге шалдығу қарқыны 4,9 пайызды құрады. Сондай-ақ, аталмыш аурудан өлім-жітім көрсеткіші 4,8 есеге төмендеді. Бұл дертті ерте анықтау мақсатында ДДСҰ ұсынған бактериологиялық және молекулярлық-генетикалық диагностикалаудың жеделдетілген әдістері енгізілді. Қазіргі таңда арнайы құрал-жабдықтар облыстық фтизиопульмонология орталығы мен аудандық деңгейдегі зертханаларда қамтылған», – деді Айгүл Алтекешева.

Айта кетейік, биыл Дүниежүзілік туберкулезге қарсы ұран: «Туберкулезге қарсы күреске инвестиция салыңыз. Өмірге араша болыңыз!» деген атаумен өтеді.

Тағы да оқыңыз: