Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласында ҚР Парламенті Сенатына депутат сайлау басталды.

Қызылорда облысынан ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына барлығы 3 кандидат тіркелген.

Олар – Ақмарал Әлназарова, Айдын Қайруллаев және Мұрат Сәрсенбаев.

Ал, кандидаттарға облыс бойынша барлығы 138 мәслихат депутаттары дауыс беруі қажет.

Атап айтқанда, Қызылорда облысынан – 27, Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарынан – 13, Қазалы, Жаңақорған аудандарынан – 15, Қармақшы ауданынан – 12, Қызылорда қаласынан – 17 мәслихат депутаты.

Бірақ, облыстық Сайлау комиссиясына дауыс беруге тіркелген депутаттардың саны – 131. Бұл сайлаушылардың 95 пайызын құрайды.

Дауыс беру пункітінде санитарлық-эпидемиологялық жағдай толық сақталған. Мәслихат депутаттары арақашықтықты сақтап, кезек бойынша дауыс беруде.

Айта кетейік, бұған дейін бүгін еліміздің барлық өңірінде Сенат депутаттарын сайлау өтетінін хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыз: