Kyzylorda-news.kz. Достық үйінің мәжіліс залында облыстық татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сабантой-2020» мерекесі өтті.

Шараға облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов, «Қоғамдық келісім» КММ директорының м.а. Азамат Мукеев, облыстық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен белсенділері қатысты.

Достық үйінің фойесінде татар ұлттық тағамдарының, кітаптарының, фотосуреттері мен татар тұрмыстық заттар бұйымдарының көрмесі әзірленді.

ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов шараны ашып, барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады.

LED-экранда гір көтеру жарыстары, армрестлинг және дәстүрлі татар күресі (татарча-кураш) бойынша онлайн форматындағы шаралары көрсетілді. Шараның қорытындысы бойынша сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сый-сияпаттармен марапатталды.

Сабантой татарлардың ежелден келе жатқан егінмен байланысты мерекесі, биыл Қызылорда облысында 15-ші рет тойлануда.

Тағы да оқыңыз: