Қызылордада «Pfizer» вакцинасын егу қарқынды жүргізілуде – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада «Pfizer» вакцинасын егу қарқынды жүргізілуде

06.12.2021, 12:20

378 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысына «Pfizer» вакцинасының 11 700 дозасы жеткізілді. Бүгінде бұл екпенің 80 пайызы жасөспірімдерге егілсе, 20 пайызын жүкті әйелдер қабылдаған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мая Мирзанова хабарлады.

«Профилактикалық егу жұмыстарын жүргізу алдында медицина қызметкері екпе салдыратын адамды толық тексерістен өткізеді. Вакцина салдыратын азаматқа немесе оның заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар және екпе салдырғаннан кейінгі күтім туралы толық ақпарат беріледі. Әзірге тұрғындардан вакцина алғаннан кейінгі жанама әсерлері туралы шағым келген жоқ. Айта кетейік, «Pfizer» вакцинасын 12 жастан асқан жасөспірімдер, жүктіліктің 16 және 37 аптасы аралығындағы жүкті әйелдер, лактация кезеңіндегі әйелдер яғни босанғаннан кейін 42 күннен 2 жасқа дейінгі кезеңдегі әйелдер салдыра алады», – деді Мая Миранбайқызы.