Қызылордада өз саласының 20 жас үздігі «Сыр үміті» сыйлығын алды (ФОТО) – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада өз саласының 20 жас үздігі «Сыр үміті» сыйлығын алды (ФОТО)

03.12.2019, 10:20

408 0

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен «Сыр үміті» облыстық жастар форумы өтті. Сонымен қатар, шара аясында «Жастар орталығы» жанынан продюсерлік орталық ашылды.

Биыл өз саласында жетістікке жеткен, көшбасшы аймақтың 125 жасы қала, аудан әкімдерінің арнайы сыйлықтарымен қатар, араға бірнеше жыл салып (2016 жылдан кейін) облыс әкімінің «Сыр үміті» сыйлығы мен республикалық Ғани Мұратбаев атындағы «Ғани сыйлығымен» марапатталды.

Облыста «Жастар жылын» өткізу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына ұсынылған 28 жаңа жобаның, 14 қаражат бөлініп, қолдау тапқан. Нәтижесінде Жастар жылы аясында аймақ жастарының ұсынысымен тұңғыш рет көршілес бес түркітілдес елдер (Әзірбайжан, Қырғызстан, Башқұрстан, Түркия, Татарстан) жастарының халықаралық фестивалі, республика бойынша Қызылорда облысы бастамашы болған халықаралық деңгейдегі тренерлерді шақырып, жас IT мамандарды даярлауға бағытталған жастар «IT эшелоны», аймақтың туристік әлеуетін насихаттау, тарихи-мәдени орындарды таныстыруға бағытталған республикалық лагерь, облыс әкімінің жүлдесі үшін «Жайдарман» ойыншыларының республикалық әзіл кеші, көңілді тапқырлар алаңы қатысушыларымен ашық аспан астындағы жастар кеші, ауыл жастарының слеты, жастар еңбек бригадалары ұйымдастырылған. Сондай-ақ, жастардың стартап бизнес идеяларын жинақтап, инвесторлар алдында қорғауға ықпал ететін «Kyzylorda Business Hub» жаңа жобасы пилоттық режимде бірінші рет ұйымдастырылды.

Аймақ басшысы өз саласында жетістікке жетіп, марапатқа ие болған барша жастарды құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

«Осы жылы аудандық деңгейдегі 3 жастар ресурстық орталығы қайта жаңғыртудан өтсе, Қызылорда қаласындағы Орталық жаңа ғимаратқа орналастырылды. Ал, Байқоңыр қаласы жастары үшін арнайы ғимаратты қайта жаңғыртудан өткізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге бюджеттен қаржы бөлінді. Үстіміздегі жылы жастар бастамаларын қолдау мен олардың шығармашылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларға қаралған қаржы көлемі 34 пайызға артты (241 млн. тг.). Бұл бағыттағы қаржыға жастар қоғамдық ұйымдары былтыр 37 жоба жүзеге асырса, биыл олардың саны 49 жетті. Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасына сәйкес студент жастарды 2022 жылға дейін жатақханамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында биыл 330 орынға арналған Қызылорда медицина жоғары колледжінің жатақхана құрылысы аяқталады. Желтоқсан айында пайдалануға берілетін болады»-, деді облыс әкімі Қ. Ысқақов.

0

Пікір қалдыру