Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қ.Ысқақов партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысты.

Биыл Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен қатар «Nur Otan» партиясының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Атаулы мерекелер қарсаңында белсенді партия мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Алғыс хатымен», «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі және «Құрмет» грамотасымен, облыс әкімі Қ.Ысқақовтың, «Nur Otan» партиясы жанындағы Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты О.Өксікбаевтың, «Nur Otan» партиясы жанындағы партиялық бақылау комитетінің төрағасы П.Казанцевтің, «Nur Otan» партиясының хатшысы Ә.Әлденейдің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Тәуелсіздіктің 28 жылдығы және «Nur Otan» партиясының 20 жылдығымен құттықтаған аймақ басшысы нұротандықтардың еңбектеріне сәттілік тіледі.

«Баршаңызды кеше ғана аталып өткен еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығымен және жетекші партиямыздың 20 жылдық мерекесімен құттықтаймын! Осы жылдар ішінде «Nur Otan» партиясы да Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуын қамтамасыз ету жөніндегі үлкен саяси ұйымға, авангардтық биік деңгейге көтерілді. Әрбір партия мүшесі, партиямыздың негізі қаланған сәттен бастап, осы 20 жыл ішінде елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін қорғауда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып келеді. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі. Ендігі жерде Қазақстанның жарқын болашағын жасауды мақсат етіп отырған партиямыздың ілкімді істеріне сәттілік тілеп, алдағы міндеттерді орындауда баршаңызға күш-қуат, ауызбіршілік тілеймін»-, деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Тағы да оқыңыз: