Kyzylorda-news.kz. Ертең, 9 маусым күні мемлекеттік қызметші күніне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтеді.
Биыл жиырма алтыншы мәрте ұйымдастырылатын жарысқа 31 команда 1000-нан аса мемлекеттік қызметшілер спорттың 9 түрінен: пневматикалық мылтықпен ату, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, үстел теннисі, бильярд, арқан тарту, жүзу және волейболдан сынға түседі.
Спорттың әр түрінен жеңіске жеткен және жүлдегер атанған командаларға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының естелік сыйлықтары, дипломдары берілсе, жалпы есепте жеңіске ие болған командалар ауыспалы кубок, дипломдармен марапатталады.Спартакиада 22 маусым күні қорытындыланады.