Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі өзекті мәселелердің бірі – МӘМС жүйесінде азаматтардың сақтандырылу мәртебесін орнату болып отыр. Биылғы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша облыста 145 мыңнан аса азамат МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған. Олардың көпшілігі 30 жас пен 40 жас аралығындағы азаматтар. Мәселен, республика бойынша халықтың 81 пайызы cақтандырылған болса, біздің өңірде тұрғындардың 81 пайызы сақтандыру мәртебесіне ие болып, көрсеткіш бойынша басқа өңірлерден төмен тұр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ӘМСҚ» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің маңыздылығына кеңінен тоқталды.

«Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілердің пайыздық көрсеткіші 42,9% яғни 62 305 адам. Әр түрлі мекемеде жұмыс жасайтын жалдамалы жұмысшылар – 42 734 мың азамат болса, мүлдем мәртебесі нақтыланбағандар – 26 120 мың азаматты құрап отыр. Айта кетейік, әр бір өңірде облыс әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасарының басқаруымен МӘМС жүйесіндегі өзекті мәселелерді шешу үшін өңірлік штабтар жұмыс жасауда. Оған қоса, Қызылорда облысының әкімі барлық тиісті жергілік атқарушы органдарға азаматтардың мәртебесін өзектендіруді күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасуда»,-деді Бақыт Торғайбайұлы.

Жалпы ағымдағы жылы аймақтың 2000 мыңға жуық тұрғын уақытша сақтандыру мәртебесін алды. Сондай-ақ МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесін бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы да алуға болады. Атап айтқанда, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер 3 ай қатарынан төлеген жағдайда сақтандыру мәртебесіне ие бола алады. Ары қарай бырыңғай жинақтық төлемін тұрақты төлеп отыру қажет. Бырыңғай жинақ төлемінің көлемі – қалалық өңірлердің тұрғындары үшін- 1 АЕК яғни 2917 теңге болса, аудандық өңірлер үшін – 0,5 АЕК 1458,5 теңге құрайды.

«Жалдамалы қызметкерлер және жеке кәсіпкерлер мен жеке өзін-өзі қамтамасыз ететіндер МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін, ҚР-ның 16.11.2015 жылғы №405 санды «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 5-бабының 3-бөліміне сәйкес соңғы 12 айға жарналарын түгендеуге міндетті. Егер ағымдағы жылдың тамыз айында өзін-өзі қамтамасыз ететін азамат МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу үшін медициналық ұйымға жүгінсе, онда 2020 жылдың тамызынан бастап 2021 жылдың тамызына дейін МӘМС-ке жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеуге тиіс»,- деді Б.Исмаханбетов.

Тағы да оқыңыз: