Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасына шұғыл күндері орта есеппен 10 адам инсультпен түседі.

Аймақта диспансерлік есепте инсульт алған 3 мыңға жуық адам тұр. Олардың қатарында қала тұрғыны Айнагүл Бермағанбетова да бар. Жақында ол облыстық ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Нейроинсульт бөлімшесінің дәрігерлері санаулы минуттарда науқастың өмірін сақтап қалды.

_“Менің қан қысымым жоғары. Сол күнде ол 220-ға дейін көтерілді. Жұлынның өткір ауыруы пайда болды. Жедел жәрдем шақырылды, тез ауруханаға жеткізілді, шұғыл ота жасалды. Дәрігерлерге рахмет! Олар менің өмірімді сақтап қалды”, – деді науқас _Айнагүл Бермағанбетова__.

_“Науқаста ми тамырларының аневризмасы бар. Ісінген тамырдың қуысына, аневризмаға платина микроспиралы орнатылды. Бұл нәзік, уақытты қажет ететін ота. Микрокатетор жамбас артериясы арқылы енгізіледі, ол спиральды ми тамырына жеткізеді. Айта кетейік, осындай бір спираль 250-300 мың теңге тұрады. Науқас аневризманың мөлшеріне байланысты 10 спиральға дейін енгізіледі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында аталған жоғары технологиялық медициналық қызметтер барлық пациенттер үшін тегін”, – дейді _нейрохирург-дәрігер_ Қанат Набдинов._

Инсульт және оның салдары мүгедектікке апарып соқтыратын себептердің арасында бірінші орын алады. Инсульт белгілерін уақтылы анықтау маңызды. Бұл бас айналу, қатты бас ауруы, қолдың, аяқтың ұйып қалуы, сөйлеу, көру, мимика қабілеттерінің бұзылуы және т.б. 5-8 сағат ішінде мұндай белгілері бар науқастың өмірін сақтап қалуға болады.

“Бізге жоспарлы түрде де пациенттер келіп түседі. Егер инсульт қаупі болса. Оларға да оталар тегін жүргізеледі. Науқастар ес түссіз күйінде де түседі. Мұндай кезде біз науқастың денсаулық жағдайының жақсаруын күтеміз және ол есін жиғаннан кейін ғана хирургиялық ота жасауды жүзеге асырамыз”, – дейді Қанат Набдинов.

Ағымдағы жылдың 9 айында облыстық стационарлық ауруханаларда инсульттің     2 096 жағдайы емделіп шықты. Бұл мақсатқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 560,3 млн теңге бөлінді.

Дәрігерлердің айтуынша, профилактикалық тексерулерден уақытылы өту қан айналымы жүйесі ауруларының, соның ішінде инсульттің алдын алуға мүмкіндік береді. 40 жастан кейін ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы ерте анықтауға скринингтен өтеді.

Айта кету керек, профилактикалық тексерулерді қаржыландыру МӘМС қаражаты есебінен жүзеге асырылады, сондықтан скринингтен өту үшін сақтандыру мәртебесіне ие болу қажет.

Тағы да оқыңыз: