Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алтауы да Шиелі ауданынан. Олар 1967 жылғы әйел азаматша және 1989, 1992, 1998, 2013, 2015 жылы дүниеге келген қыз балалар.

Барлығы бұған дейін вирус жұқтырған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болған және карантиндік стационарға жатқызылған. Қазіргі таңда жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастар оқшау орында тиісті емдерін қабылдап жатыр.

05.04.2020 жағдай бойынша аймақта коронавируске шалдыққан 37 адам анықталды. (Қызылорда қаласында – 6 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 11 жағдай).

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам

Алматы қаласында – 116 адам

Қарағанды облысында – 32 адам

Ақмола облысында – 23 адам

Атырау облысы – 24 адам

Жамбыл облысында – 28 адам

Шымкент қаласында – 14 адам

Шығыс Қазақстан облысында – 5 адам

Алматы облысында – 10 адам

Ақтөбе облысында – 11 адам

Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам

Павлодар облысында – 1 адам

Маңғыстау облысында – 3 адам

Қызылорда облысында – 37 адам

Батыс Қазақстан облысында – 2 адам

Түркістан облысында – 28 адам

Қостанай облысында – 1 адам

Жалпы Қазақстан бойынша 584 науқас тіркелді.

Тағы да оқыңыз: