Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы Абай даңғылының бойындағы көпқабатты үйден өрт шықты.

Өрт облыс орталығындағы Абай даңғылы 33 үйдің 2-қабатындағы пәтерлердің бірінен шыққан. Оқыс оқиға орын алған жерге жеткен құтқарушылар 27 литрлік 2 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Пәтердегі ас бөлмесі мен жатын бөлмедегі жиһаздар түгел жанып кеткен.

«Өрт болған кезде үйдің иелері болмаған. Қожайыны осы үйдің бесінші қабатында тұрады. Өрт кеш хабарланған. Сондықтан оқиға орнына өрт сөндірушілер жылдам жеткенімен, үйдегі жиһаздарды сыртқа шығара алмады», деп мәлім етті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің мамандары.

Өртенген үйді көпбалалы отбасы паналаған. Бұл пәтерді көпбалалы ана Әлия Рахметоваға туысы уақытша тұруға берген. Бұл туралы Қызылорда қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, көпбалалы ана тұрғын үй кезегінде бар. Қазіргі таңда ол кезек бойынша 89 болып тұр. Алдағы уақытта пәтер беру жоспарланған.

Тағы да оқыңыз: