Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда балалар арасындағы жұқпалы аурулардың көрсеткіші Қызылорда облысы бойынша 48 707 көрсеткішпен – 187,67 ЖРВИ-мен аурушаңдық тіркелді. Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда 9,7% – ға төмендеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Бибізада Дүйсенбаева мәлімдеді.

«Биыл 90 000 вакцинаға сұраныс беріліп, жалпы халық санының -11,4% қамтуға мүмкіндік бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес 2020 жылға: медицина қызметкерлері –10 254, диспансерлік есепте тұрған балалар-26 125, ересектер-29 869, тәуекел тобындағы жиі ауыратын балалар – 9350, интернатты мекемелер балалары – 1083, мамандандырылған сәбилер үйінің балалары-130, қарттар үйі балалары-190, мүгедектер мен диспансерлік есепте тұратын ересектер – 6025, жүкті әйелдер– 6974 іріктеліп, жоспарланды»,- деді Бибізада Әшімқызы

Облыс бойынша маусымға 8 стационар, 61 алғашқы медициналық-санитарлық мекеме жұмылдырылады, оларда 54 фильтр кабинеттер, қосымша 79 телефон арқылы кері байланыс шақырулар мен консультациялар үшін жұмыс істейтін болады, үйде қызмет көрсету үшін қосымша -81 автокөлік бөлінді. Сонымен қатар Медициналық ұйымдарда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін өкпені жасанды желдетуге арналған- 117 аппарат (стационарларда), 597 пульсооксиметр, 258 кислоротерапияға амбулаториялық жағдайда қосу нүктелері қарастырылған.

Тағы да оқыңыз: