Kyzylorda-news.kz. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «AstanaHub» халықаралық стартаптар технопаркінің қатысуымен 15-16 желтоқсан күндері «Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық жобалар фестивалі өткізіледі. Оған – идеясы бар, бірақ оны жүзеге асыруға ресурстары жеткіліксіз кез келген адам қатыса алады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры Сабит Ибадулла мәлімдеді.

«Inno.Fest» Qyzylorda жобасы бір тәулік ішінде идеялық инновациялық жобаларды яғни «Ақпараттық технологиялар», «Контент және Медиа», «Кино және видео», «Smart Qyzylorda» бағыты бойынша өткізілетін іс шара. Фестиваль күндеріне дейін қала және облыстың барлық аудандарында жобаны насихаттау шаралары ұйымдастырылатын болады. Жоба серіктестері – «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры», «Astana Hub» халықаралық технопаркі, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті», «Болашақ» университеті, IT Park, «Абзал және К» ТС, «Grand master» бағдарламалау мектебі» ЖШС, «Сыр Үміті» Жастар қауымдастығы, «Қазақстан ІТ-мамандары ассоциациясы», «Qosyl» жастар орталығы, «Maнсап» мектебі, «Kyzylorda Business Hub» ЖШС. Жалпы жүлде қоры 2 млн 400 мың теңгені құрайды, – деді Сабит Ибадуллаұлы.

Қатысушы өз жобасын іске асыру үшін команда жинау мүмкіндігіне ие болады. Фестиваль форматы бойынша бір тәулік ішінде жоба идеясы озық шыққан инновациялық жұмыстар іріктеліп, іске асырылады.

«2020 жылдан бастап «Astana Nub» халықаралық стандаптар паркі мен Қызылорда облысының Ақпараттық технологиялар орталығы және іргелі университеттердің бірі Қорқыт ата атындағы ҚУ арасында серіктестік нығайды. Осының нәтижесінде 2 жыл бойы бірқатар шараларды жүзеге асырып келеміз. Жоспар шеңберінде 9 іс шара жүзеге асырылып, 380-нен астам жастарды қамтыған болатынбыз. «Inno Fest» Qyzylorda 2021 инновациялық жобалар фестивалі 4 бағыт бойынша өтеді», – деді «Astana Nub» халықаралық технопаркінің Қызылорда облысы бойынша аймақтық менеджері Жанарыс Түбекбаев.

Республикамыздың өзге өңірлерінде атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында Hackday форматындағы фестивальдер өткізіліп, заманауи технологияларға қызығушылық танытатын IT мамандар көбейіп келеді. ІТ парк базасында аптасына 253 студент тәжірибе алып, уақытылы оқыту жүйесіне қатысуда.

«Inno.Fest» жобасы ақпараттық жүйелер мен медиа контент бағытында ұйымдастырылады. Қатысамын деушілерге арнайы сайтта тіркелуге болады, – деді «Grand master» бағдарламалау мектебі ЖШС-ның директоры Алмат Қуанышбаев.

Тағы да оқыңыз: