Kyzylorda-news.kz. Қызылордада арнайы операция кезінде полицейлер есірткі притонын анықтады.
Қызылорда ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыс басқармасының қызметкерлерімен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында Қызылорда қаласының 68 жастағы тұрғыны өзінің тұрғылықты мекен жайында 3 сыбайласымен бірге есірткі затын қайнату арқылы «эктрациялық апиынды» дайындап, тамыр арқылы егіп, тұтыну үшін притон ұйымдастыру үстінде құрықталды.
Тергеп-тексеру кезінде күдікті сыбайластарымен бірге үйінде есірткі затын қайнату арқылы жасаған «эктрациялық апиынды» күнделікті бірнеше рет тамыр арқылы егіп қолданып жүрген. Мекен-жайына қарап-тексеру кезінде, айғақты заттар яғни есірткі заты қайнатылған ыдыс аяқтар, шприцтер заттай дәлелдеме ретінде алынды.Ұсталған күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 302-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды және ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.