Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында 2 күнде  800-ге жуық  құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары өткізілуде.

Іс-шараның екі күнінде барлығы  759 жол қозғалысы ережесін бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген жылдамдық мөлшерін арттыру бойынша 85, жалған немесе кернеу нөмір тағып көлік құралын басқару – 15, рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару – 30, қозғалыстың қарсы жолағына шығу – 1, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту – 33, жаяу жүргіншіге басымдық бермеу – 48, жол көлік апаты жағдайын туындату – 14, көлік құралын мас күйде басқару – 9 және жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуы бойынша 124 дерек анықталды.

Тағы да оқыңыз: