Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының болуы мүмкін екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілген. Халыққа бірінші кезектегі қажетті дәрі-дәрімектің екі айлық қоры жасақталған. Мұнан бөлек, тұрақтандыру қоры арқылы дәрілік заттарды алуға 488 млн.теңгеге қаржы бөлінген. Бұл  туралы облыстың әкімі Гүлшара Әбдіқалықова брифингте баяндады.

«Індетпен күресте өкпен жасанды желдету (ИВЛ) аппаратын 244-ке жеткіздік. 9 ПТР, 60 рентген аппараты, 682 оттегі концентраторы бар. Қажетілігіне қарай 21 инфекциялық стационарда 3200 төсек орнын дайындауға мүмкіндігіміз бар. Жақын күндері 200 төсектік жаңа модульдік инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталады», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Облыста медицина мамандары үшін 44 санитарлық автокөлік табысталған. Сонымен бірге демеушілер есебінен облыстық көпбейінді ауруханасында оттегі станциясы іске қосылса, Қазалы ауданында тағы бір станцияпайдаланылуға берілмек. Емдеу мекемелерінде маман тапшылығын болдырмау мақсатында 3600 медицина қызметкерінен кадрлық резерв қалыптастырылған.

Тағы да оқыңыз: