Қызылордада биыл коммуналдық тарифтер өзгереді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада биыл коммуналдық тарифтер өзгереді

31.01.2020, 11:40

376 0

Kyzylorda-news.kz. Биыл облыста реттелетін коммуналдық қызмет тарифтерінің бағасы өзгереді. Яғни, энергиямен, сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру қызметтерінің тарифтері.

 Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова мәлімдеді.

«Тұрғындар үшін 2020 жылдың 1 наурызынан бастап сумен жабдықтау қызметі 3,6 пайызға төмендейді. Ал сарқынды суды бұру тарифі 9 пайызға азайып, энергиямен жабдықтау қызметінің бағасы да өзгереді. Қазіргі таңда қала және аудандағы электр энергиясын тарататын мекемелерге тарифтің өсетіні туралы хабардар етілді»,- деді Гүлмира Сейтбекқызы.

Мұнан өзге, департамент 55 реттелетін қызмет түрі бойынша 32 табиғи монополия субьектілерінің қызметін реттейді.

0

Пікір қалдыру