Kyzylorda-news.kz. Бүгін Сыр елінде техникалық мамандықта білім алатын студенттер үшін жаңа құзыреттілік орталығы ашылды. Орталық И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі базасынан құрылды.

Шараның ресми ашылу рәсіміне Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова және өңірдегі колледж директорлары қатысты.

Құзыреттілік орталығы өңір экономикасын бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету, инженер-педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша сапалы қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Колледждегі жаңа орталық «Жас маман» жобасы аясында іске асып, нәтижесінде 2 зертханалық кабинетпен жабдықталған. Бұл «электрмен қамтамасыз ету», «электр және электр механикалық жабдықтар» мамандықтарының студенттері үшін ерекше мүмкіндік бермек.

Жаңа орталықта оқу зертханасы, WorldSkills тренажарлық жаттығу кабинеті орналасқан. Құзіреттілік орталықтың жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін бірқатар кәсіпорындармен екіжақты меморандум жасалды.

Алдағы кезде жаңа орталықта көшпелі және қашықтықтық әдістемелік іс-шаралар, конкурстар мен семинарлар, мастер-клас өткізіледі.

Тағы да оқыңыз: