Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 94 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Қызылорда облысында ұжымдық иммунитететті қалыптастыруда тұрғындардың 60 пайызы, яғни 452 мыңнан астам халықтың коронавирусқа қарсы екпе қабылдауы жоспарланған.

Қазір өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 425 569 адам (94%) салдырды. Ал II компонентті 416 695 адам (92%) адам алған.

«Вакцина салдырғандардың басым көпшілігі – облыс орталығының тұрғындары. Ал аудандар бойынша жоғары көрсеткіш Арал, Қазалы, Жаңақорғанға тиесілі. Кәсіп түрлері бойынша медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ». – деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Тағы да оқыңыз: