Kyzylorda-news.kz. Облыста «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында 15 рейд ұйымдастырылды. Үш құқық бұзушылық фактісі анықталып, 201 пиротехникалық бұйым тәркіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрмахан Пазылов баяндады.
“Бүгінде, кәсіпкерлермен пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібіне бақылау жүргізу мақсатында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз пиротехникалық заттарды сататын ірі сауда орындарына, базарларға рейд ұйымдастырып жатырмыз. 3 құқық бұзушылық фактісі анықталып, әр қайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. 201 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді”, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баскарма бастығының орынбасары Асхат Оразбеков.
Басты мақсат тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау, заңсыздыққа жол бермеу. Сондай-ақ, мереке қарсаңында балалардың жарақат алмауы үшін мектеп инспекторлары «ZOOM» қосымшасы арқылы оқушыларға және ата-аналарға қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.
