Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 82 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды.
Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша өңірде барлығы 82 163 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алды. Оның 72 895-і – жасөспірімдер. Сондай-ақ 2 738-і жүкті әйелдер. Лактация кезеңіндегі әйелдер арасында бірінші компонентті алғандар саны 6516. Қалғаны – басқа топтағы тұрғындар.
Айта кетейік, аймақта Pfizer препаратымен ревакцинация жасап жатқандар да бар. Қаулылардағы соңғы өзгерістерге сәйкес вакцина медицина қызметкерлері, мүгедек адамдар, 50 және одан жоғары жастағы егде адамдарға салынады.