Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 1414 бірыңғай байланыс орталығы ашылды. Яғни күнделікті республикамыздың әр аумағынан 1414 бірыңғай байланыс номеріне келіп түскен қоңырауға қызылордалық мамандар жауап береді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммунмкациялар қызметінің ақпарат алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалының директоры Айнұр Тобаева мәлімдеді.
Мұндай орталық еліміздің екі өңірінде ғана бар. Қызылордалық мамандар азаматтардың қазақша сауалдарына жауап берсе, орыс тіліндегі қызметтерге Солтүстік Қазақстан облысының мамандары жауапты.
«Жергілікті атқарушы органның қолдауымен облыс орталығында Бірыңғай байланыс орталығы өз қызметін бастап, 100 маман жұмыспен қамтылды. Олардың кәсіби біліктілігі алдын-ала сарапқа салынды. Себебі, мамандар еліміздің әр өңірінен хабарласқан кез келген азаматтың сауалына нақты, дәл жауап беруі маңызды. Бұл үлкен жауапкершілікті қажет етеді», – деді Айнұр Шорабекқызы.
Орталыққа бүгінге дейін орташа есеппен 3 мыңнан астам қоңыраулар түсіп, орталықтың 74 маманымен оларға сапалы кеңестер берілген.